СӘБИТОВ Нығмет Сәбитұлы

Институт ардагерлері СӘБИТОВ Нығмет Сәбитұлы СӘБИТОВ Нығмет Сәбитұлы – (20.01.1895–12.08.1955) – шығыстанушы ғалым, библиограф, этнограф, филология ғылымдарының кандидаты, тарих, этнография және археология институтының этнография секторының (бұдан әрі-бөлім) бірінші меңгерушісі. 1895 жылы 20 қаңтарда Ресей империясының Астрахан губерниясының Красноярск уезінің Баклано-Лопатино селосында дүниеге келген. ІІ-Николай патшаның 1916 жылы 25-маусымда шыққан жарлығынан кейін, ол Мәскеу теміржолында Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясына дейін жұмыс істеді. Содан кейін туған жерлеріне оралды, ал Қазан төңкерісінен кейін большевиктердің идеяларын қабылдап, РСДРП(б) қатарына өтті. 1918-23 жылдары ауыл кеңесінің хатшысы, төрағасы, халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі, Шаган-Кондаков ауданы атқару комитетінің төрағасы, кейін сауатсыздыққа қарсы күрес кезінде нұсқаушы болып жұмыс істеді. 1924-29 жылдары Астраханьда қазақша шығатын «Кедей тілі» («голос бедняка») газетінің редакторы. Білім беру мен Кеңестік құрылыс саласындағы басшылық қызметтің сипатын … Әрі қарай оқу СӘБИТОВ Нығмет Сәбитұлы